Жоба
Қостанай облыстық мәслихатының
№ шешімі
(алтыншы шақырылымның кезекті сессиясы)
Қостанай қаласы 2019 жылғы _________
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 108 208 768,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 209 637,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 322 291,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 13 052,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 101 663 788,0 мың теңге;
2) шығындар – 108 159 772,0 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – – 10 575 486,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 50 000,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 10 625 486,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 10 624 482,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – – 10 624 482,0 мың теңге.
- 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері 13 851 454,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Қостанай қаласынан – 6 940 434,0 мың теңге;
Рудный қаласынан – 6 911 020,0 мың теңге.
- 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері 42 042 330,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Алтынсарин ауданына– 1 594 728,0 мың теңге;
Амангелді ауданына – 2 675 035,0 мың теңге;
Әулиекөл ауданына – 4 048 171,0 мың теңге;
Бейімбет Майлин ауданына – 2 184 434,0 мың теңге;
Денисов ауданына – 1 896 283,0 мың теңге;
Жангелдин ауданына – 2 533 701,0 мың теңге;
Жітіқара ауданына – 2 193 622,0 мың теңге;
Қамысты ауданына – 1 485 854,0 мың теңге;
Қарабалық ауданына – 2 115 869,0 мың теңге;
Қарасу ауданына – 2 545 220,0 мың теңге;
Қостанай ауданына – 1 871 074,0 мың теңге;
Меңдіқара ауданына – 2 709 313,0 мың теңге;
Науырзым ауданына – 1 490 542,0 мың теңге;
Сарыкөл ауданына – 1 910 316,0 мың теңге;
Ұзынкөл ауданына – 2 852 593,0 мың теңге;
Федоров ауданына – 2 865 011,0 мың теңге;
Арқалық қаласына – 3 613 865,0 мың теңге;
Лисаков қаласына – 1 456 699,0 мың теңге сомасында белгіленсін.
- Аудандар мен қалалар бюджеттеріне корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
- Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған резерві 92 658,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2020 жылғы 31 желтоқсанға Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 50 963 033,7 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
- 2020 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы ,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов