Жоба

Қостанай облыстық мәслихатының

№     шешімі

(алтыншы шақырылымның кезекті сессиясы)

 

Қостанай қаласы                                                         2020  жылғы _________

 

 

Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы  

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 237 441 660,0 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 039 725,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 2 565 784,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 228 800 101,0 мың теңге;

2) шығындар – 237 438 707,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – -7 714 256,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 7 714 256,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 7 717 209,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  -7 717 209,0 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері 30 253 723,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Қостанай қаласынан – 18 819 750,0 мың теңге;

Рудный қаласынан – 11 433 973,0 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері 34 298 212,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Алтынсарин ауданына – 1 491 873,0 мың теңге;

Амангелді ауданына – 2 251 448,0 мың теңге;

Әулиекөл ауданына – 3 512 670,0 мың теңге;

Бейімбет Майлин ауданына – 1 072 700,0 мың теңге;

Денисов ауданына – 1 852 878,0 мың теңге;

Жангелдин ауданына – 2 310 888,0 мың теңге;

Жітіқара ауданына – 1 235 798,0 мың теңге;

Қамысты ауданына – 1 493 765,0 мың теңге;

Қарабалық ауданына – 2 004 895,0 мың теңге;

Қарасу ауданына – 2 014 017,0 мың теңге;

Қостанай ауданына – 1 866 258,0 мың теңге;

Меңдіқара ауданына – 2 143 183,0 мың теңге;

Науырзым ауданына – 1 624 338,0 мың теңге;

Сарыкөл ауданына – 1 971 865,0 мың теңге;

Ұзынкөл ауданына – 1 948 879,0 мың теңге;

Федоров ауданына – 1 962 079,0 мың теңге;

Арқалық қаласына – 2 788 449,0 мың теңге;

Лисаков қаласына – 752 229,0 мың теңге сомасында белгіленсін.

  1. Аудандық (қалалық) бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде білім беру, спорт объектілерін күтіп ұстауға 62 547 601,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын қайтару белгіленсін.
  2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
  3. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 172 831,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. 2021 жылғы 31 желтоқсанға Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 86 694 392,8 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
  5. 2021 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  6. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Сессия төрағасы,

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                С. Ещанов

 

пр 1_kz

пр 2_kz

пр 3_kz

пр 4_kz