Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 шешіміне (2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 9650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  320 490 407,1 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша  –  3 473 480,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 2 018 643,5  мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 314 962 233,6 мың теңге;

2) шығындар – 331 934 698,2 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 13 979 068,6 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 15 581 219,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1 602 150,4 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  1 548 323,9 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 26 971 683,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   26 971 683,6  мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1,2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облыстық мәслихаты

сессиясының төрағасы,

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                                                         С. Ещанов

пр 1_kz пр 2_kz пр 3_kz