Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 шешіміне (2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 150176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 319 808 415,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 2 973 480,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 2 019 037,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 314 779 848,0 мың теңге;
2) шығындар – 330 140 359,0 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 13 035 164,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 14 567 364,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1 532 200,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 23 367 108,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 23 367 108,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов