2021 жылы 4 мамырда сағат 15.00, ZOOM режимінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар әзірледі, олар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің талқылауына жіберілді.